Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады (толық нұсқасы)

Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады (толық нұсқасы)

Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламаны оңтайландыруды ұсынады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қараша 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Біз 2005 — 2007 жылдарға арналған бағдарламадан қалғандарды 2008 — 2010 жылдарға арналған бағдарламаға ауыстырамыз. 2005 — 2007 жылдарға арналған бағдарлама бойынша кезекте тұрған адамдар Қаржы министрлігі ұсынған балл жүйесі бойынша есепке алынады», -деді Кәрім Мәсімов.

«Әкімдіктерге мемлекеттік бағдарламаның қаржысы есебінен салудың орнына дайын баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі. Бұрын ондай мүмкіндік болмаған және бағасы да мемлекеттік бағдарламада көрсетілгенен жоғары емес».

«Біз сонымен бірге аталған бағдарлама бойынша пәтерлер сату жүйесін бағдарламада көрсетілген бағаға өзгертуды ұсынамыз. Пәтерлер өзінің арналған адамдарына сатылады. Ал сатылмай қалған пәтерлерді ипотекалық несиелендірудің коммерциялық бағасына стауға мүмкіндік беретін боламыз», -деді Кәрім Мәсімов.

Үкіметтің отырысында еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің хабарлағанындай, мемлекет міндеттеме жүктеп алған азаматтарды баспанамен қамту көлемін ұлғайту үшін 15 млрд теңгені жалға берілетін абспана құрылысының көлемін ұлғайтуға жұмсау ұсынылып отыр. Бұл қосымша жалған берілетін 2600 пәтерді пайдаоануға беруге мүмкіндік тудырады. Жалпы пайдалануға берілетін көлем т 710 мың шаршы метр, немесе 8500 пәтер.

«Бүгінде әкімдіктерде баспана алу кезегінде 73,5 мың отбасы тұр, соның ішінде 47,7 мыңы — хылықтың әлеуметтік қорғалатын бөлігі, 25,8 мыңы — мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет қызметкерлері. Қазіргі мемлекеттік бағдарлама бойынша олар үшін 5900 пәтер, немесе сұраныстың 8% көлемінде пәтер салу жоспарланған», — деді министр.

«Осы мақсатқа қажетті 15 млрд теңге қаржыны ішкі бөлу есебінен табылмақ. Ал ағымдағы жылға арналған бюджетке түзету енгізілмейді», — деді В. Школьник.

«Бүгінде біз мемлекет басшысының тиісті жарлығы мен үкіметтің қаулысының жобасын жасадық.ұсыныстар мақұлданған жағдайда біз оларды мемлекеттік органдарға енгізуге дайынбыз», — деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар