Қазақстан үкіметі тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасын әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасын әзірледі

Қазақстан үкіметі тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасын әзірледі

АСТАНА. 15-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының үкіметі тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Маусым 2006
  • 366
Фото - Caravan.kz

Статистикаға сүйенер болсақ, еліміздің меншік түрлері бойынша тұрғын үй қоры 97 проценті жеке тұрғын үй қорынан (244,9 млн. шаршы метр) және 3 проценті мемлекеттік тұрғын үй қорынан (7,8 млн. шаршы метр ) тұрады.

Аталған бағдарлама тұрғын үй-коммуналдық салаларда жүйелі қайта құрулар жүргізу, тұрғын үй қорына күтім жасау, жаңарту және күрделі жөндеуден өткізуді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру, тұрғын үй қорын тиімді басқаруға жағдай жасау, пайдаланылатын тұрғын үй қорының жағдайын тиісті түрде бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық қызметтер саласындағы қатынастарды жетілдіруге байланысты бірқатар проблемаларды шешуді көздейді.

Перейти к новостям спорта