Министрдің атап өтуінше, еліміздің Үкіметі проблемалы мәселелерді шешуде оңтайлы жолдар табуға ұмтылумен қатар өзінің ашықтығын да көрсетіп отыр. «Әрине, бәрі де керемет емес. Дегенмен, ашық пікір алмасу жүргізілуде. Сондықтан қоғамға біздердің қажетті шешімдерге келуде күш біріктіруіміз үшін түрлі бағдарламалар мен стратегиялар ұсынылуда», — деді Е.Ыдырысов.