«Қазақстан — Шымкенттегі секілді оқиға болған әлемдегі жалғыз ел емес»,- деді Я.Доэк. «Бұл оқиға қанның сапасын мұқият тексеруге түрткі болды, барлық қан ауыстыру орындары тексерілуде. Үкімет індет жұқтырған балаларды емдеуге кеткен шығынды толық өтеп беруге тиіс»,- деді ол тексеру қорытындысын жария ету барысында.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінің төрағасының айтуынша, Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі конвенцияға бағынуына қатысты бірінші ресми баяндаманы үкімет 2003-жылы таныстырған.
Комитет төрағасының пікірінше, Қазақстанда балалар құқығын қорғау саласында «бірқатар проблемалар бар және оны республика үкіметі біледі. Бұл — арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленетін балалар, мүгедек балалар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, босқын балалар мәселесі».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті