Қазақстан үкіметі заңнамаға жергілікті өзін-өзі басқару және басқару мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі заңнамаға жергілікті өзін-өзі басқару және басқару мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Қазақстан үкіметі заңнамаға жергілікті өзін-өзі басқару және басқару мәселелері бойынша енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі "Жергілікті өзін-өзі басқару және басқару мәселелері бойынша кейбір заңнамаға өзгерістер мен тооықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қараша 2008
  • 609
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің отырысында республиканың премьер-министрі Кәрім Мәсімов атап өткеніндей, заң жобасы «аса маңызды».

«Бұл заң жобасы бірнеше мәрте талқыланды. Әртүрлі нұсқалары болды», -деді премьер-министр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысында өткізген кеңес кезінде аталған заң жобасын жетілдіру бағытытнда нақты тапсырмалар берілген.

Құжатты таныстырған еліміздің әділет министрі Зағипа Балиеваның атап көрсеткеніндей, заң жобасымен «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңдарға бірқатар түзетулер енгізу қарастырылған, олардың қажеттілігі заңнамадағы қайшылықтарды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару институтын енгізуге байланысты.

«Мәселен, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңға енгізілетін түзетулермен жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қала ішіндегі аудандар, ауылдық округтер, ауылдық округтерге кірмейтін кент және ауылдар шеңберінде жүзеге аырылатындығы заңдастырылады», — деді әділет министрі.

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері — облыс, республикалық маңызы бар қала, Елордасында, аудан, облыстық маңызы бар қалаларда мәслихаттар болмақ. Облыс, аудан, қала, қала ішіндегі аудандар, ауылдық округтер, ауылдық округтерге кірмейтін кент және ауылдардағы атқарушы орган — әкімдер», — деді ол.

«Бұл жағдайда әкім жергілікті мемлекеттік басқару, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын атқарады», — деді З.Балиева.

«Сондай-ақ, Конституцияны, парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңды жүзеге асыру және заңнамадағы ақтаңдақтарды толтыру бағытындағы бірқатар нормалар ұсынылған. Ұзаққа созылған талқылаулардан кейін заң жобасында ұсынылған жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы елімізде қазіргі қалыптасқан саяси және қоғамдық жағдайларға мейлінше толық сай келеді деп санаймын», -деді З. Балиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар