Жарияланды: 410

Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде жүк көліктерін енгізу ставкаларын төмендетуді ұсынады

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде жүк көліктерін енгізу ставкаларын көліктің жүк көтерімділігіне байланысты төмендетуді ұсынады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде таратылған материалдарда айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жүк көтерімділігі 1 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне - 3 АЕК, 1 тоннадан 1,5 тоннаға дейінгілеріне - 5 АЕК, 1,5 - 5 тонна аралығына - 7 АЕК және 5 тоннадан жоғары - 9 АЕК", -делінген құжаттарда. Ал қазіргі ставка мынадай : 1 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне - 6 АЕК, 1 тоннадан 1,5 тоннаға дейінгілеріне - 9 АЕК, 1,5 - 5 тонна аралығына - 12 АЕК және 5 тоннадан жоғары - 15 АЕК дейін. 2008 жылы АЕК 1168 теңгеге тең. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін