Қазақстан үкіметі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын көтеруді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын көтеруді ұсынады

Қазақстан үкіметі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын көтеруді ұсынады

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын көтеруді ұсынады. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Тамыз 2008
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша Салық кодексінде жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесін заңдастыру, сондай-ақ, құны 30 млн теңгеден бастап қымбат мүліктің салық ставкаларын 0,5-тен 1%-ға дейін көтеру ұсынылған. Бұл өзгерістер қымбат мүлікке мейлінше толыққанды салық салуға және жеке тұлғаларға салық салуға артықша прогрессивтілік сипат беруге көмектеседі», -деді Б. Сұлтанов.

Жаңа Салық кодексінде сонымен бірге мүлік салығын жинау тәртіптері өзгертіледі. Салық салу нысанын барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін азайту, осы орайда жергілікті бюджеттердің кірісін азайтпау үшін оның ставкасын 1-ден 2%-ға дейін ұлғайту ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар