Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдалануға атсалысу үлесін арттырмақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдалануға атсалысу үлесін арттырмақ ниетте

Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдалануға атсалысу үлесін арттырмақ ниетте

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдалануға атсалысу үлесін арттырмақ ниетте. Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Отандық өнім өндірушілердің жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарттарға атсалысу үлесін арттыруға бағытталған ықпалды шаралар ойластырылады»,- делінген бағдарламада. Сонымен бірге «жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқыту жөніндегі міндеттемелерін орындату жұмыстары күшейтіледі». «Жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық сервис рыногын дамыту — еліміздің индустриялық-инновациялық саясатындағы басым бағыттардың біріне айналады»,- делінген құжатта.

Сонымен бірге «жер қойнауын тиімді әрі кешенді пайдалануға бағытталған келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуына қатаң бақылау қойылатын болады. Бұл жерде құзыретті мекеме тарапынан орталық және жергілікті атқарушы билік органдарымен жақын ықпалдаса отырып, жер қойнауын пайдалануға кешенді мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларға қаржы бөлу жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынады»,- делінген үкіметтің бағдарламасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті