Қазақстан үкіметі жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын мемлекеттік тіркеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін қаулыны бекітті (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын мемлекеттік тіркеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін қаулыны бекітті (толық нұсқасы)

Қазақстан үкіметі жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын мемлекеттік тіркеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін қаулыны бекітті (толық нұсқасы)

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі бүгін өткен отырыста азаматтарға жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын мемлекеттік тіркеуді жеделдетуге мүмкіндік беретін өзгерістер мен толықтыруларды №454-ші қаулыға енгізу жөніндегі қаулыны бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 715
Фото - Caravan.kz

«Біз үкіметтің 2003 жылдың 16 мамырындағы «Жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын және оған қатысты сауда-саттықтарды мемлекеттік тіркеу үшін жиналатын алым ставкасын бекіту туралы» №454-ші қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгіземіз», — деді әділет министрі Зағипа Балиева.

Оның айтуынша, өзгерістер мен толықтырулар «жедел қызмет көрсетуге маманданған ділдел фирмаларды болдырмау үшін»енгізіліп отыр. «Осындай жедел қызметті біз көрсететін боламыз және оның төлемі — 58 мың теңге бюджетке аударылады», -деді ол.

«Біз бұл шара тиісті құжаттарды 1-2 күнде реттеуге құлқы барларға арналады және ол қазіргі бар тауқыметтерді жоюға мүмкіндік береді», -деді министр.

Ол төлқұжаттар мен жеке куәліктерді жедел беруге бағытталған осындай шараларды «нақты жұмыс істеп кеткенін» еске салды. «Бүгінгі күні елімізде төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеумен айналысатын фирмалар жойылды, құқық қорғау органдары бір ірі қылмыстық топты әшкерелеп, жауапкершілікке тартты, осы жолғы жағдайда да ол жұмыс істейді деп ойлаймын», -деді З. Балиева.

Әділет министрінің түсіндіруінше, «Жылжымайтын мүлікті иемдену құқығын және оған қатысты сауда-саттықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» заңға сәйкес, қазір жылжымайтын мүлікті иемдену құқығы 15 күннің ішінде рәсімделуге тиіс, ал Әділет министрлігінің ведомствоішілік бұйрығына сәйкес, пәтерлер 5 күнде, көппәтерлі тұрғын үйлер — 10 күнде, баспанаға жатпайтын қор — 15 күнде рәсімделуге тиіс.

Сонымен бірге, әділет министрінің айтуынша, жылдың аяғына дейін жылжымайтын мүлік регистрінің мемлекеттік мәліметтер базасын және «Электронды архив» ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланған. Оларды жасаумен ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар