2004-жылдың үшінші тоқсанында жұмыспен қамту қызметтерінің көмегіне жүгінбей-ақ жұмысты өз бетімен іздестірушілерді қоса есептегенде Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша айқындалатын жұмыссыздардың жалпы саны Қазақстанда 700 мың адамды ( экономикалық белсенді тұрғындар санының 8,3%), Молдовада 100 мың адамды (7,9%), Ресейде 5,4 млн. адамды (7,4%), Украинада — 1,7 млн. адамды (7,8%) құрады. Әзербайжан мен Қырғызстанда (2003 жылғы зерттеу бойынша) — тиісінше 400 мың (10,7%) және 200 мың адам (8,9%) жұмыссыз.
2004-жылдың аяғында жұмыспен қамту қызметтерінің көмегімен жұмыс іздеуші әйелдер саны Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстанда 44-56%, ал басқа ТМД республикаларында 63-70% болды.
ТМД елдеріндегі экономикалық белсенді тұрғындардың саны 2004 жылдық орташаға сәйкес 129 млн. адамды құрап отыр. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 119 млн., жұмыссыздар саны 10 млн. адамға (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) жетті.
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны аясында ТМД елдерінің басым бөлігінде жалдамалы жұмысшылардың үлес салмағы 40-90 процент аралығында, соның ішінде Қазақстанда — 57%, Қырғызстанда — 41%, Молдовада — 62%, Ресейде — 92%, Украинада — 83% болмақ.