Қазақстан Украинаға көмір береді - Мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Украинаға көмір береді - Мемлекет басшысы

Қазақстан Украинаға көмір береді - Мемлекет басшысы

Қазақстан Украинаға көмір береді. Бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген

  • 9 Қазан 2015
  • 651
Фото - Caravan.kz

Украина Президенті Петр Порошенкомен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Украина тарабын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамыз. Олардың қатысу мәселесін келістік. Басқа мәселелер жөнінен, қазір Украинада көмір тапшылығы бар. Қазақстан бұл жағынан көмектесе алады, көп көмір беретін болады», — деді Елбасы.

Мұнан бөлек, Мемлекет басшысы екі елдің ауыл шаруашылығы техникасы, машина жасау, өңдеу өнеркәсіп, авиация салаларындағы қарым-қатынасты ұлғайтуға пейілді екенін атап өтті.


«Қазақстанда бүгінгі күні тұрып жатқан үлкен 300 мыңдық  украина дисапорасы бар. Бұл еліміздің арасындағы мәдени өмірімізге, жан-жақты сабақтастыққа ықпалдастығын тигізеді деп сенеміз», — деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар