Жарияланды: 250

Қазақстан Украинаның Кеден одағына кіргенін қалайды - СІМ

Украина үшін Кеден одағының есігі ашық, қалғаны оның бірлестік қағидалары мен ережелерін қабылдау ниетіне байланысты, деп Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.

«Украинаға келер болсақ, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік қағидасы өте қарапайым: біз мүшелік пен үшінші қатысушылармен байланыстың өзге түрлері үшін ашықпыз. Егер Украина ұйымның барлық қағидалары мен келісімдеріне қосылғысы келсе, есік ашық», - деп Е.Ыдырысов «Интерфакc-Қазақстан» агенттігімен болған сұхбатында мәлімдеді. Әзірге Украина Кеден одағына мүше болуға өтініш бермеді, Алайда, ол ТМД шеіберінде еркін сауда аймағы туралы келісімшартқа қызығушылық танытуда, дейді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін