Қазақстан Ұлттық банкі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 4 ескеткіш монета шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ұлттық банкі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 4 ескеткіш монета шығарды

Қазақстан Ұлттық банкі ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 4 ескеткіш монета шығарды

ҚР Ұлттық банкі Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына айналымға 4 ескерткіш монета шығарды, деп Ұлттық банк баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қараша 2011
  • 675
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «proof» сапасымен жасалған номиналдық құны 50 000 теңгелік ескерткіш алтын монетаны, «proof» сапасымен жасалған номиналдық құны 5 000 теңгелік және 500 теңгелік ескерткіш күміс монеталарды, сондай-ақ номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монетаны айналысқа шығарады.

Номиналдық құны 50 000 теңгелік алтын монета және номиналдық құны 5 000 теңгелік және 500 теңгелік күміс монеталардың бет және сырт жақтарындағы суреттері бірдей.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) сол жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Оң жақ бөлігінде монеталардың номиналдық құндары көрсетілген: алтыннан жасалған монетада «50000 ТЕҢГЕ» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Au 999 1000 gr.» деген жазу; күмістен жасалған монеталарда «5000 ТЕҢГЕ» және «500 ТЕҢГЕ» және монеталар дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 1000 gr.» және «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде стильдендірілген қанатты барыс бейнеленген Қазақстанның картасы (күмістен жасалған монеталарда алтындатылған) және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар және айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыр бетте сағаттың стильдендірілген циферблатына уақыт пен құрылыстардың сабақтастығын бейнелейтін Астанадағы және Алматыдағы көрнекті үйлерден коллаж орналастырылған. Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА 20 ЖЫЛ» деген жазу, жоғары бөлігінде – монетаның соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар:

1) 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындау сапасы — «proof», таралымы – 100 дана;

2) 925/1000 сынамды күмістен, массасы 1000 грамм, диаметрі – 100 мм, дайындау сапасы — «proof», таралымы – 200 дана;

3) 925/1000 сынамды күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы — «proof», таралымы – 5000 дана дайындалған.

Барлық 4 монета да Қазақстан территориясында төлемдердің барлық түрлеріне өзінің құнымен қабыладана береді. Аталған монеталар ешқандай шектеусіз барлық қазақстандық банктерде ұсақталады және айырбасталады, деп көрсетілген хабарда.

«proof» сапалы ескерткіш монеталар коллекциялық құнымен сатылады. Олар кәдесыйлық қораптарда шығарылады және Ұлттық банктің мемлекеттік, орысша және ағылшынша жазылған номерлік сапа сертификаттармен қамтамасыз етілген. Монеталардың нейзильбер қоспасынан жасалған 1 мың данасы арнайы термовакуумдық қораптарға салынған.

Перейти к новостям спорта