Қазақстан Ұлттық банкінің жаңа жетекшісі бұрынғы ақшалай-несиелік саясатты жүргізе бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ұлттық банкінің жаңа жетекшісі бұрынғы ақшалай-несиелік саясатты жүргізе бермек

Қайрат Келімбетов төраға болып сайланғанмен, Қазақстан Ұлттық банкі бұрынғы ақшалай-несиелік саясатты жүргізе бермек және оны өзгертуге ешқандай объективті алғышарттар көріп отырған жоқ.
           "2013 жылы 1-қазан күні Келімбетов Қайрат Нематұлын Ұлттық банкі төрағасы ретінде тағайындау кезінде елбасы Ұлттық банктің саясаты өзгермейді, деп атап өткен болатын. Демек, Ұлттық банк бұрынғы ақшалай-несиелік саясатты жүргізе бермек және оны өзгертуге ешқандай объективті алғышарттардың жоқ екендігін ресми мәлімдейді", деп атап өтілген орталық банктің хабарламасында.
           Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамына да қатысты бұрынғы саясатты жалғастыра бермек.
           Банктің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі уақытта валюталық рынокта жағдай тұрақты, әрі Ұлттық банк тарапынан ұдайы мониторинг жүргізіліп отырады.

  • 4 Қазан 2013
  • 607
Фото - Caravan.kz