Қазақстан ұлттық білім беру жүйелерін дамыту үшін ТМД мен ШЫҰ-ға мүше елдердің білім беру саласындағы интеграциялық әлеуетін біріктіруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ұлттық білім беру жүйелерін дамыту үшін ТМД мен ШЫҰ-ға мүше елдердің білім беру саласындағы интеграциялық әлеуетін біріктіруді ұсынды

Қазақстан ұлттық білім беру жүйелерін дамыту үшін ТМД мен ШЫҰ-ға мүше елдердің білім беру саласындағы интеграциялық әлеуетін біріктіруді ұсынды

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ұлттық білім беру жүйелерін дамыту үшін ТМД мен ШЫҰ-ға мүше елдердің білім беру саласындағы интеграциялық әлеуетін біріктіруді ұсынды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бүгін Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің білім министрлерінің кеңесінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Министрлер білім саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады.

  • 23 Қазан 2008
  • 611
Фото - Caravan.kz

ТМД елдерінің білім министрлерінің 15-ші конференциясында Достастық елдерінің бастауыш және орта кәсіптік білім салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады, сондай-ақ студенттер мен оқушылардың пән олимпиадаларын өткізу жөніндегі бірлескен жобалар әзірленеді.

Ж.Түймебаевтың атап көрсеткеніндей, Қазақстан ТМД мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің білім беру саласындағы интеграциялық әлеуетін ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесін дамытуды тездету мақсатында бірігіп жұмыстар атқаруды ұсынып отыр.

«Ұсыныс мақұлданған жағдайда таяу уақытта ТМД-ның атқарушы комитеті мен ШЫҰ-ның хатшылығы арасында білім саласында тікелей байланыстар орнату үшін тиісті құжаттар дайындалатын болады. Біздің ойымызша, аталмыш құжаттарда орта білім, кәсіби және техникалық білім, сондай-ақ, жоғары білім беру басым бағыттар ретінде көрініс табуы тиіс», деді министр.

ТМД-ға мүше елдер білім министрлерінің кеңесіне Армения білім министрі Спартак Сейранян, Қырғызстан Республикасының білім министрі Ишенгүл Болжурова, Ресей Федерациясының білім және ғылым министрі Андрей Фурсенко, сондай-ақ, Тәжікстан мен Беларусь республикалары білім министрлерінің орынбасарлары Фарход Рахимов пен Татьяна Ковалева қатысып, Қазақстан жағының ұсынысын қолдады.

Бүгін сонымен бірге ШЫҰ-ға мүше елдер білім министрлерінің кеңесі өтетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар