Бұл туралы Caravan.kz порталы еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Отырыстың нәтижесінде қазақстандық спортшыларға сапалы медициналық көмек көрсетуге, пандемияның екінші толқыны жағдайында қауіпсіз жаттығу процесін ұйымдастыруға және спортшылардың денсаулығын қорғауға бағытталған басқа шараларды әзірлейтін және іске асыратын жұмыс тобы құрылды.
«Ұлттық олимпиадалық комитеті мемлекеттік тапсырма бойынша спортшыларды даярлаушы ұйым. Спортшыларды қажетті барлық нәрсемен қамтамасыз етуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен өзара әрекеттесудің жетілдірілген жүйесі бар.Сондықтан, қосымша күшті пай
Наурыз айында Ұлттық Олимпиадалық комитетте оқшаулану жағдайында спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, бақылауға алуға арғанлған арнайы штаб құрылды. Штабтың мақсаты біз үшін спортшының саулығы мен амандығы, денсаулығының қаіпсіздігі бірінші орында екенін көрсетуге арналған. Біз қазір қиын жағдайға тап болдық. Бүгінгі таңда жедел мәселелерді шешу үшін жаңа тәсілдерді енгізу, іске асырылған шаралар мен қабылданған шараларға қосымша адам ресурстарын тарту қажет. Эпидемиологиялық жағдайдың жылдам өзгеріп отыруына байланысты спортшылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолда бар ресурсты дұрыс әрі тиімді пайдалану керек. Бүгінгі жиналыс осы мәселені шешуге арналған» — деді кездесу барысында ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков.
Айта кетерлігі, бірлескен іс-шаралар кешеніне түрлі шаралар, фармакологиялық қолдау, медициналық көмек және диагностика, сонымен қатар спортшыларға арналған жаттығуларды қалпына келтірудің жаңа ережелері және басқа да ережелер енеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеуінде елімізде коронавирус індетін тоқтату мақсатында, қазіргі жағдайды оң жақа түбегейлі өзгерту үшін шұғыл, қатаң және күрделі шешімнің қажеттілігін атап өтті. Сондықтан, бүгінгі таңда біздің міндетіміздің бір бөлігі — пандемияның екінші толқынында спортшыларға жаттығу мен сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жедел әзірлеу және жүзеге асыру. Мемлекет бүгінде коронавирустың таралуын шектеу және халықтың денсаулығын сақтау үшін шұғыл шараларды қабылдауда. Біз бұл мәселені шешуге бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Ұлттық Олимпиадалық комитетпен атқаратын істеріміз туралы толық түсінік бар. Қашықтан жұмыс істеу барысында тиісті деңгейде бірлесе атқарамыз», — деп атап өтті ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесін Olympic.kz сайтынан бақылауыңызға болады