Жарияланды: 670

Қазақстан ұлттық құқық қорғау институттарының халықаралық үйлестіру комитетіне кіруді көздеп отыр

ҚР-дағы адам құқықтары жөніндегі өкілетті өкіл Асқар Шәкіровтың Литваға сапары барысында Қазақстанның ұлттық құқық қорғау институттарының халықаралық үйлестіру комитетіне кіру мәселелері талқыланды.

«А. Шәкіровтың ұлттық құқық қорғау институттарының халықаралық үйлестіру комитетінің жетекшісі Рослин Нунанмен, оның еуропалық бөлімшесінің басшысы Алан Миллермен, Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық құқық қорғау институттары форумының президентіКирен Фитцпатрикпен кездесулер өтіп, Қазақстанның осы құрылымдарға кіру мәселелері талқыланды», - делінген адам құқықтары жөніндегі өкілеттік өкілдің баспасөз қызметі жұма күні таратқан ақпаратта. Кездесулер Вильнюсте «ЕҚЫҰ аймағындағы ұлттық құқық қорғау институттары» тақырыбындағы конференцияның аясында өтті. ЕҚЫҰ демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчичтің және бірқатар елдердің ұлттық құқық қорғау институттары басшыларының қатысуымен өткен шараны ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы - Литва Республикасы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияда қазақстандық омбудсмен адам құқықтары жөніндегі өкілетті өкіл мекемесінің ел парламентімен, сот жүйесімен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен әрекет ету тәжірибесімен және мемлекеттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы қызметінің басты бағыттарымен таныстырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін