«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан алғаш рет «Шәмші» деректі фильмі көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан алғаш рет «Шәмші» деректі фильмі көрсетіледі

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан алғаш рет «Шәмші» деректі фильмі көрсетіледі

Шәмші туралы фильмді бірінші болып «Қазақстан» ҰТА көрермендері тамашалайтын болады, деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

  • 12 Маусым 2013
  • 350
Фото - Caravan.kz

Түсірілуі 20 жылға созылған осынау фильмде Шәмші өмірінен жазып алынған құнды кадрлар бар. «Вальс королінің» күнделікті өмірін бейнетаспаға түсірген Тілеген Ахмет — осы фильмнің режиссері.

1991 жылы басталып, кейін түрлі себептермен түсірілуі тоқтаған деректі лента 2011 жылы монтаждалған. Кейбір бөліктері ғана көрермен назарына ұсынылған.

«Шәмші мүлдем зерттелмеген. Ол туралы дерек жоқ. Сондықтан, деректі фильм деп атағанымызбен, онда көркемдік-қойылымдық эпизодтарды енгізуге тура келді. Өйткені, халық композитор туралы неғұрлым көбірек мағлұмат алғысы келеді», — дейді Тілеген Ахмет.

Деректі фильмнің эпизодтарында бала Шәмшінің рөлін сомдаған Шәмші-Қалдаяқ та студия қонағы болды.

Композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі — фильмнің продюсері. Ол Астананың 15 жылдығы қарсаңында «Шәмші» деректі фильмі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан алғаш рет көрсетілетіндігін айтып өтті.

Перейти к новостям спорта