Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалықтың эстафетасын Қырғызстанға тапсырады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалықтың эстафетасын Қырғызстанға тапсырады

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалықтың эстафетасын Қырғызстанға тапсырады

Бүгін Мәскеуде Қазақстанның Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ-ның Қорғаныс министрлері Кеңесінің, Сыртқы істер министрлері Кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 253
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында әскери ынтымақтастықты жетілдіру және ҰҚШҰ-ның әскери құрамдасын нығайту, төтенше жағдайларға ұжымдық шұғыл үн қату жүйесін дамыту мәселелері қаралды.

Сондай-ақ бірлескен отырыстың қатысушылары келесі жылға арналған басқару органдары мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесі қүштері мен құралдарын қалыптастырудың әскери дайындық жоспарын, Ауғанстандағы жағдайдың 2015 жылға дейінгі дамуы болжамын және бұл елдің аумағынан шығуы ықтимал қауіптерге қарсы тұру бойынша шараларды талқылады.

«ҰҚШҰ қатысушы мемлекеттері қарулы күштері арасындағы жауынгерлік достастықты нығайту үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Қазақстан ҰҚШҰ-ның әскери құрамдасын дамытуға барлық күш-жігерін жұмсауда, — деп атап өтті Қорғаныс министрлері кеңесіне төрағалық еткен ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. — Бұдан әрі бірлескен жұмыс халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесетін болады».

Бұған дейін ҰҚШҰ-ға жыл бойы Қазақстан төрағалық еткені белгілі. Бүгінгі отырыс жұмысы барысында Қазақстан Республикасы төрағалық эстафетасын Қырғызстанға тапсырады. Осыған орай Қорғаныс министрлерінің секциялық отырысында төрағалық өкілеттігін Қырғыз Республикасының қорғаныс ведомствосы басшысына беру мәселесі қаралды.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ҰҚШҰ Біріккен штабының жаңа бастығын тағайындау туралы мәселе талқыланды. Бұл — Ұйымның және ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің тұрақты жұмыс жасайтын жұмысшы органы, ол ҰҚШҰ-ның әскери мәселелер жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерін жүзеге асыруға жауап береді.

Қазіргі кезде ҰҚШҰ Біріккен штабы бастығы лауазымын сессия аралығындағы кезеңде Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Штабтар комитетінің төрағасы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов басқаруда.

ҰҚШҰ-ның Қорғаныс министрлері кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы ҰҚШҰ, ЕурАзЭҚ және Кеден одағы қатысушы-елдері көшбасшылары саммиті жұмысының бір бөлігі, ол бүгін күннің екінші жартысында өтеді.