Қазақстан ұшақ апатынан құрбан болғандарды еске алып, аза тұтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 501.31
  • 520.11
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ұшақ апатынан құрбан болғандарды еске алып, аза тұтуда

Қазақстан ұшақ апатынан құрбан болғандарды еске алып, аза тұтуда

Қазақстанда бейсенбі, 27 желтоқсан ҰҚК шекара қызметінің әскери ұшағының апаты салдарынан қайтыс болғандарды үлттық аза тұту күні.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 693
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен елде қаралы күн жарияланды.

Ұлттық қаралы күні Қазақстанның мемлекеттік туы, қарулы күштердің тулары жартылай түсіріледі. Бұл күні елде көңілді бағдарламалар көрсетілмейді, газеттерде ойын-сауық сипатындағы ақпараттар шығарылмайды.
Шекара қызметінің АН-72 әскери ұшағы 25 желтоқсан күні Шымкент маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 27 адам болды. Олар түгел қайтыс болды.
Қайтыс болғандар тізімі:
Экипаж командирі — майор Нұрахметов Марат Тұрсынұлы;
Штурман — майор Голубев Олег Александрович;
Аға бортмеханик — капитан Үсенов Марат Еркенұлы;
Командирдің көмекшісі — аға лейтенант Лұқпанов Аслан;
Аға бортмеханик — прапорщик Вологжанин Александр Петрович;
Аға бортмеханик — сержант Мысаев Ренат Канапиянұлы;
Бортсерік — сержант Доланбаева Гүлнұр Жүнісқызы;
ҰҚК Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Тұрғанбек Мұхаметқалиұлы мен оның зайыбы Стамбекова Сәуле Айтмуханбекқызы;
Шекара қызметі Бас басқармасы басшысының міндетін атқарушы полковник Нұрлашев Ерғали Нұрғазыұлы;
«Оңтүстік» аймақтық басқарма басшысының міндетін атқарушы полковник Доценко Павел Михайлович;
«Оңтүстік» аймақтық басқарма бастығының орынбасары полковник Базарбаев Қайрат Құлкешұлы;
Шекара қызметінің бөлім басшысы полковник Қабдылғазезов Қанатбек Тоқтарбекұлы;
Шекара қызметі басқармасының басшысы полковник Мақаев Ерлан Мейрамбекұлы;
Шекара қызметінің аға консультанты подполковник Дмитриев Александр Игорьевич;
«Леңгір» шекаралық бақылау бөлімінің штаб басшысы подполковник Кущь Валерий Николаевич;
Жеке инженерлік-саперлік батальон командирі подполковник Қожахметов Бауыржан Зарқұмұлы;
«Мерке» шекаралық бақылау бөлімінің басшысы майор Ыбыраев Алмас Шаймухамбетұлы;
Шекара қызметінің күзет және қамсыздандыру комендатурасының коменданты подполковник Досыбеков Сәулебай Сатыбалдыұлы;
«Оңтүстік» аймақтық басқармасы шекара жасақтарының басшылары:
подполковник Рахман Вячеслав Александрович;
подполковник Рахман Александр Александрович;
подполковник Мухамадиев Қайрат Ахметкалиұлы;
подполковник Шұқанов Аманбек Пердешбекұлы;
подполковник Айтманбетов Асуан Бақбергенұлы;
«Оңтүстік» аймақтық басқарма әскери қызметшілері:
аға лейтенант Филипко Анатолий Олегович;
аға сержант Конақбай Мақсат Жұмабайулы;
кіші сержант Вязиков Павел Константинович.