«Ең маңызды жетістік — АҚШ және ЕО мемлекеттерімен арадағы жаңа серіктестік мәміле, бұл біздің халықаралық ұстанымымызға қосымша тұрақтылық береді»,-деді министр.
Қазақстан бір жыл ішінде «Ресей Федерациясымен одақтастық қарым қатынасты күшейтіп, ҚХР-мен стратегиялық ынтымақтастықты дамытты», — деді ол. Министрдің айтуынша, «біз Батыстан келген серпінді пракматикалық тұрғыда жүзеге асырып, Орталық Азиядағы басты серіктестік мәртебесін Қазақстанға бекіттік».
«Тепе-теңдік сақталған сыртқы саяси бағыт-бағдар іс жүзінде өзінің өміршеңдігін және біздің ұлттық қарым қатынасымызды қамтамасыз етудегі нәтижесін көрсетті. Біз таяу көрші елдермен де және мүдделі мемлекеттермен де прагматикалық, конструктивті және өзара тиімді қарым-қатынас орната алдық»,-деп атап өтті министр. «Қазақстанның хас дұшпаны жоқ, ұлттық мүддені қорғай отырып, біз шиеленіске жол бермедік»,-деді сыртқы істер министрі.
«Бүгінде Қазақстан аймақтағы ауыр геосаяси жағдайда, тұрақтылық пен қауіпсіздікті төнген қатерлер ушыға түскен , әлемдік орталықтардың аймақтық проблематикаға ықпал етуге деген құштарлығы артып отырған тұста, өзін табысты дамып келе жатқан үлгілі ел ретінде көрсете алады»,-деді М.Тәжин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті