Қазақстан үшін экономика мен саясат саласында ашықтық пен әділетті бәсекелестікті қалыптастыру басты мәселе болмақ - "Ақжол" демократиялық партиясының тең төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін экономика мен саясат саласында ашықтық пен әділетті бәсекелестікті қалыптастыру басты мәселе болмақ - "Ақжол" демократиялық партиясының тең төрағасы

Қазақстан үшін экономика мен саясат саласында ашықтық пен әділетті бәсекелестікті қалыптастыру басты мәселе болмақ - "Ақжол" демократиялық партиясының тең төрағасы

Қазақстан үшін экономика мен саясат саласында "ашықтық пен әділетті бәсекелестікті қалыптастыру басты мәселе болмақ". Қазіргі таңда аталмыш мақсаттар республика үшін "күн тәртібіндегі ең көкейкесті мәселеге, ұлттық идеяға айналды". Бүгін, 16-наурызда "Ақжол" демократиялық партиясының екі жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында партияның тең төрағасы Әлихан Бәйменов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Наурыз 2004
  • 1731
Фото - Caravan.kz

Ә.Бәйменовтың айтуынша, экономика мен саясат саласында ашықтық пен әділетті бәсекелестік қалыптастыру — «еліміздің гүлденуіне, еліміздің бәсекелестік қабілетінің артуына ауадай қажет алғышарттардың бірі болмақ». «Осы тұрғыдан алғанда «Сайлау туралы», «БАҚ туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдар осынау бәсекелестіктің аясын айқындайды»,- деді «Ақжол» демократиялық партиясының тең төрағасы. Ол осы орайда «Сайлау туралы» заң жобасын парламенттің күні кеше ғана қабылдағанын еске салды. «Заң Еурорпадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының талаптары мен біз күткендей деңгейге көтерілмегенімен, белгілі дәрежеде алға жылжу бар»,- деді Ә.Бәйменов. «Алайда, егер «БАҚ туралы» заңның үкіметтік нұсқасына қол қойылса, онда бұл — биліктің әділетсіз бәсекелестікке алдын-ала жағдай жасай бастағанын меңзейді». «Саясат пен экономиканың өзара сабақтастығы айқын. Қазір елімізде саясат пен экономика саласының қай-қайсысында да ашықтық пен әділетті бәсекелестік проблемасы туындап отыр»,- дейді партияның тең төрағасы.

Алдағы парламент мәжілісінің сайлауына тоқталған «Ақжол» демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбіловтың айтуынша, «Ақжол» жалпы партиялар атынан депутаттыққа ұсынылатындар санын арттыруға бар күшін салмақшы».
Конституцияға сәйкес қазір парламенттің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша 10 депутат сайлауға болады. «Біз депутаттардың тең жартысы партиялар атынан, ал қалған жартысы бір мандатты округтер бойынша сайлануы тиіс деген ұсыныстан ауытқымаймыз»,- деді Б.Әбілов.
«Сайлаудың қалай өтетіні бізге қазір мүлдем түсініксіз. Сол себепті қоғам осынау сауалға нақты әрі ашық жауап күтуде»,- деді «Ақжол» демократиялық партиясының тең төрағасы. «Сайлау ашық әрі әділетті өтеді деп билік тағы бір мәлімдеді. Бірақ бұл туралы ол он жыл бойы айтып келеді». «Соңғы 10 жылда Қазақстанда өткен бірде-бір сайлау халықаралық қауымдастық немесе саяси күштер тұрғысынан мойындалған жоқ». Сайлау әділетті әрі ашық өтсе, ондай жағдайда, партия күреске дайын,- деді Б.Әбілов.
«Ақжол» демократиялық партиясының екі жылдық жұмысын қорытындылаған Ә.Бәйменовтың айтуынша, қазір партияның мүшелер саны 135 мың адамға жетті. «Ақжол» партиясының құрылуы арқасында Қазақстандағы қоғамдық-саяси күштер жаңа сапалық деңгейге көтерілді»,- деді партияның тең төрағасы. Оның пікірінше, «Ақжол» демокартиялық партиясының құрылуы мен оның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеп жатуы Қазақстандағы демократиялық жаңартулардың әлеуметтік базасы сапалық жоғары деңгейге көтерілгенін паш етеді.

Соңғы жаңалықтар