Қазақстан үшін Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етудің тарихи маңызы өте зор - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етудің тарихи маңызы өте зор

Қазақстан үшін Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етудің тарихи маңызы өте зор

Қазақстан үшін Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етудің тарихи маңызы өте зор. Бүгін Астанада өтіп жатқан Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

  • 28 Маусым 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

«Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеп жатқан Қазақстан үшін Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етудің тарихи маңызы өте зор. Бүгінде бейбітшілік, ынтымақтастық және даму үшін Ислам конференциясы ұйымының қажеттілігінің арта түскендігі бәрімізге белгілі. Бұл ұйым 4 құрлықтағы 57 мелекетті біріктіретін ислам әлемінің өзіндік Біріккен Ұлттар Ұйымы міндетін атқарып отырған бірегей құрылымы болып саналады», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар қазіргі уақытта аумалы-төкпелі әлемдегі өте күрделі қатерлермен бетпе-бет келіп отырғандығын баса айтқан Н.Назарбаев: «Ислам әлеміне бейітшілік, жаңғыру, ғылыми-техникалық даму және білім ауадай қажет», — деді.

Соңғы жаңалықтар