Қазақстан үшін саяси және адам дамуы саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру қажет - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін саяси және адам дамуы саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру қажет - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

Қазақстан үшін саяси және адам дамуы саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру қажет - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы экономикалық тұрғыда жетекшілік ролін жоққа шығармайды, дейтұрғанмен, Қазақстан үшін саяси және адам дамуы саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру қажет. Бұл туралы бүгін, 9-қазанда Алматыда өткен қысқаша баспасөз мәслихатында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының жетекшісі Антон Рупник мәлімдеді.

  • 9 Қазан 2003
  • 790
Фото - Caravan.kz

А.Рупник қыркүйек айындағы мәслихат сайлауы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ескертпелерін назарға алмай, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995-жылғы заңның негізінде өткізілгеніне өкініш білдірді. Ұйым бұл сайлауға толыққанды комиссия жолдамаған, алайда, орталық сарапшыларының атап көрсетуінше, сайлауда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кейбір принциптері бұзылған. Атап айтсақ, сайлау учаскелерінің 50 проценттен астамында 1 ғана кандидат тіркелген, сонымен бірге, сайлау комиссиялары сайлау туралы заңға өз білгенімен түсініктеме береді, соның кесірінен Орталық сайлау комиссиясы органдарының әрекеттері мен шешімдері шалағай әрі дәйексіз шығып, сайлау комиссиялары жергілікті биліктің шылауынан шыға алмай қалды.

Сондай-ақ, қыркүйек айында Орталық қызметкерлерінің бірі журналист Сергей Дувановтың ахуалымен танысу және оған зорлық-зомбылық көрсету жөніндегі ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу үшін ол отырған абақтыға барып қайтқан. А.Рупниктің айтуына қарағанда, С.Дувановты соққыға жығу белгісі табылған жоқ. Сондай-ақ, көзбе-көз әңгімеде де журналист өзіне зорлық-зомбылық көрсету дерегін жоққа шығарды. Алайда, абақтыға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қызметкері келерден бір күн бұрын қамауда отырған барлық тұтқындар «телефон желісіндегі ақау салдарынан» ешқайда телефон қоңырауын шала алмаған.
Ал экология саласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығы Қазақстан қалаларындағы экологиялық тұрғыда қолайсыз аймақтар көрсетілген карта жасау жөніндегі бағдарламаны қолға алды. Карта жергілікті тұрғындар арасында таратылады. Бұл жобаның бірінші кезеңі Ақтауда басталды. Онда радиациялық қауіпті аймақтар мен радиациялық ластану түрлері картаға түсірілуде.
23-қыркүйекте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығы, Қазақстанның іскер әйелдері Қауымдастығы, Халықаралық еңбек ұйымы мен Қоғамдарды несиелендіру жөніндегі Қазақстандық қор адам дамуы саласы бойынша оралман-әйелдерді шағын және орта бизнеске қамтуға бағытталған бірлескен жобаны аяқтады. Жоба аясында 500-ден астам әйел кәсіпкерліктің алғашқы қыр-сырын меңгеруге бағытталған тренингтен өтіп, 7 айдың ішінде 80 әйел қолөнер саласындағы жеке бизнестерін ашты.
23-қыркүйекте Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия және ҚР көші-қон және демография агенттігі өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды бас қосуда оралман-әйелдер үшін ресурстық орталықтар ашу, олардың шетелдерде алған дипломдарын мойындау, оралмандар үшін квота белгілеу жүйесі жөнінде нұсқаулар әзірленді.

Соңғы жаңалықтар