Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің әскери нысандарды бірлесіп пайдалануы туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан  Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің әскери нысандарды бірлесіп пайдалануы туралы келісімді бекітті

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің әскери нысандарды бірлесіп пайдалануы туралы келісімді бекітті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің әскери инфрақұрылым нысандарын бірлесіп пайдалануы және аумақтарды шұғыл жабдықтау туралы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Мамыр 2005
  • 365
Фото - Caravan.kz

Келісімге 2004-жылдың 18-маусымында Астанада қол қойылды. Ол әскери инфрақұрылым нысандарын бірлесіп пайдалану барысындағы тараптардың құқығы мен міндеттерін айқындап береді. Құжатқа сәйкес, тараптар бірлесіп пайдалану үшін бөлінген қазіргі бар, дамытуға және құруға жоспарлаған әскери инфрақұрылым нысандары туралы тактика-техникалық мәліметтерді өзара таныстырып, әскери инфрақұрылымның тактика-техникалық ақпараттармен бөліседі. Келісім нормалары бойынша тараптар әскери инфрақұрылым нысандарын бірлесіп пайдалануға дайын жағдайда ұстауға міндетті. Бұл нысандарды құру, ұстау және дамыту шараларын тараптар дербес немесе шығындарды үлеспен бөлісіп көтеру арқылы жүзеге асырады.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан республикалары енеді.

Перейти к новостям спорта