Жарияланды: 600

«Қазақстан вагон жасау компаниясы» жылына өндіріс қуатын 5 мың вагонға дейін жеткізуі мүмкін - ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» АҚ «Қазақстан вагон жасау компаниясының» қуатын арттырып, жылына 5 мың вагон шығару мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне ҚТЖ вице-президенті Ерік Сұлтанов мәлім етті.

«Президенттің өндіріс көлемін арттырып, жылына 5 мың данаға жуық вагон шығару туралы тапсырмасы бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 20 млн долларға жуық қаржы қажет. Бұл мәселені пысықтап жатырмыз. ҚТЖ-ға болашақта қанша вагон қажет болуы мүмкін деген мәселені ескереміз. Петропавлда жылына 1 мың вагон шығарылатын болса бізге өндірістің қазіргі көлемі де жеткілікті болуы мүмкін. Сондықтан қуаттылықты арттыру туралы шешім 2013 жылдың І жартысында қабылданады. Егер ондай шешім қабылданып жатса, жоба 2014 жылы жүзеге асырылады», - деді ол. Вице-президенттің айтуынша, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» биылғы жылдың соңына дейін 1700 вагон, 2013 жылы 2500 вагон жасап шығармақ. ЖШС шығарған жүк вагондарының 92 пайызы отандық тауардан құралған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін