«Қазақстан вагон жасау компаниясы» жылына өндіріс қуатын 5 мың вагонға дейін жеткізуі мүмкін - ҚТЖ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан вагон жасау компаниясы» жылына өндіріс қуатын 5 мың вагонға дейін жеткізуі мүмкін - ҚТЖ

«Қазақстан вагон жасау компаниясы» жылына өндіріс қуатын 5 мың вагонға дейін жеткізуі мүмкін - ҚТЖ

«Қазақстан темір жолы» АҚ «Қазақстан вагон жасау компаниясының» қуатын арттырып, жылына 5 мың вагон шығару мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Бұл туралы дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне ҚТЖ вице-президенті Ерік Сұлтанов мәлім етті.

  • 29 Қазан 2012
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Президенттің өндіріс көлемін арттырып, жылына 5 мың данаға жуық вагон шығару туралы тапсырмасы бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 20 млн долларға жуық қаржы қажет. Бұл мәселені пысықтап жатырмыз. ҚТЖ-ға болашақта қанша вагон қажет болуы мүмкін деген мәселені ескереміз. Петропавлда жылына 1 мың вагон шығарылатын болса бізге өндірістің қазіргі көлемі де жеткілікті болуы мүмкін. Сондықтан қуаттылықты арттыру туралы шешім 2013 жылдың І жартысында қабылданады. Егер ондай шешім қабылданып жатса, жоба 2014 жылы жүзеге асырылады», — деді ол.

Вице-президенттің айтуынша, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» биылғы жылдың соңына дейін 1700 вагон, 2013 жылы 2500 вагон жасап шығармақ. ЖШС шығарған жүк вагондарының 92 пайызы отандық тауардан құралған.

Соңғы жаңалықтар