Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатының ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Бүгін Тайландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасында 13-клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды.

  • 26 Сәуiр 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz


Онда ел намысын қорғап жатқан Алматы облысының «Жетісу» командасы ақтық кездесуде Шри-Ланканың «S.L.B.F.E» командасын 3:0 (25-11, 25-13, 25-9) есебімен ойсырата ұтты. Олар 7 ұпаймен «В» тобында Қытайдың «TIANJIN BRIDGESTONE» командасын ғана алға жіберіп екінші орынға табан тіреді. Алғашқы кездесуде Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «жетісулықтар» қытай қыздарына 2:3 есебімен есе жіберген болатын. Одан кейін Малайзияның «Santa Barbara Polo & Racquet» командасынан 3:0 (25-13, 25-6, 25-15) есебімен басым түсті. Енді ширек финалда олар 27 сәуірде «А» тобында 3-орынды сарапқа салып жатқан Вьетнамның «VTV BINH DIEN LAN» мен Иранның «GITIPASAND» командалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Чемпионаттың жартылай және ақтық айналымдары 28-29 сәуір күндері болады.