Қазақстан Ыстықкөлде туризм саласын дамытуға инвестиция салуға дайын - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ыстықкөлде туризм саласын дамытуға инвестиция салуға дайын - ҚР үкімет басшысы

Қазақстан Ыстықкөлде туризм саласын дамытуға инвестиция салуға дайын - ҚР үкімет басшысы

Қазақстан Ыстықкөлде туризм саласын дамытуға инвестиция салуға дайын. Бұл туралы бүгін, 16-сәуірде ТМД елдері үкімет басшыларының Шолпан-Атадағы бас қосуы аяқталғаннан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Ыстықкөл — қазақстандықтардың демалысын өткізуді ұнататын орындардың бірі. Біз бұл жердегі бізге деген ыстық ықыласы үшін Қырғызстанға дән ризамыз»,- деді Д.Ахметов. Үкімет басшысының айтуынша, қазір Ыстықкөлдегі төрт шипажайды Қазақстанның меншігіне беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. «Бұл шипажайлар тиісті көлемде қаржыландырылады»,- деді ол.

Сол үшін «жер пайдалану және меншікке қатысты мәселелер тез арада шешілуі тиіс». Егер осындай қиындықтар шешілсе, «Қазақстан инвестиция салуға дайын. Бізде мұндай мүмкіндік те толық»,- деді ҚР үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар