Қазақстан және Беларусь президенттері Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің күшіне енгендігі туралы ел үкіметтеріне берілетін тапсырмаға жуырда қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Беларусь президенттері Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің күшіне енгендігі туралы ел үкіметтеріне берілетін тапсырмаға жуырда қол қояды

Қазақстан және Беларусь президенттері Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің күшіне енгендігі туралы ел үкіметтеріне берілетін тапсырмаға жуырда қол қояды

Қазақстан және Беларусь президенттері Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің күшіне енгендігі жайында ел үкіметтеріне берілетін тапсырмаға жуырда қол қояды. Бұл туралы кеше Керчь қаласында өткен кездесуде Ресей және Украина президенттері Владимир Путин мен Леонид Кучма мәлімдеді деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметінен. Біртұтас Экономикалық Кеңістік бойынша ел үкіметтеріне берілетін бірлескен тапсырмаға В.Путин мен Л.Кучма кеше қол қойды.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 410
Фото - Caravan.kz

Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімді Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан президенттері қыркүйек айында Ялтада өткен кездесуде өз қолдарымен бекіткен. Ал желтоқсан айының басында төрт мемлекеттің вице-премьерлері кіретін жоғары деңгейдегі топ Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі негізгі шаралар жоспарын келісті.

Бұған дейін Ресей үкімет басшысының орынбасары Виктор Христенко ел үкіметтеріне берілетін тапсырмаға президенттер жыл соңына дейін қол қояды деп мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар