Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы тауар айналымының төмендегендігіне қарамастан, Беларусиямен арадағы сауда-экономикалық әріптестік жақсы дамып отыр, деп атап өтуде.
"Сауда-экономикалық ынтымақтастық ойдағыдай дамып отыр. ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі Беларусияның үшінші саудалық әріптесі. 2012 жылы тауар айналымы 10 пайызға өскенмен, биыл төмендегендігі байқалуда. Бірақ бұл жалпы экономикадағы жағдайға байланысты, дегенмен, өнеркәсіптік коооперация саласындағы ынтымақтастықтың жақсы тәжірибесі жалғасын табуда", деді ол Астанада жұмада Белоруссия президенті Александр Лукашенкомен делегациялардың кеңейтілген құрамында өткен келіссөздер барысында.
Оның айтуынша, келіссөздердің нәтижелері бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданбақ. Онда елдер арасындағы достық, экономикалық ынтымақтастық, саяси қарым-қатынасты күшейте түсу ниеті көрсетілмек.