Қазақстан және Польша сенатының жетекшілері парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Польша сенатының жетекшілері парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды

Қазақстан және Польша сенатының жетекшілері парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды

Бүгін, 18-сәуірде Астанада ҚР парламенті сенатының жетекшісі Нұртай Әбіқаев Польша Республикасы сенатының маршалы Лонгин Пастусякпен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Келіссөздер барысында екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері сарапқа салынды.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 756
Фото - Caravan.kz

Л.Пастусяк елімізге 17-сәуірде келген. Сапардың алғашқы күні ол Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, Қазақстандағы поляк диаспорасы өкілдерімен кездесті.

19-сәуірде Польша Республикасы сенатының маршалы Астанада өетін бизнес-форумға қатысып, саяси нәубет құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен жүздеседі. 20-сәуірде Л.Пастусяк ҚР президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сөз сөйлейді. Кездесу барысында профессор Пастусяк «ХХІ ғасыр қарсаңындағы әлем — аласапыран және халықаралық тәртіп» тақырыбындағы баяндамасын ұсынады.
Польша сенатының маршалы Лонгин Пастусяк сонымен қатар НАТО Парламенті Ассамблеясының Трансатлантика қатынастары бойынша комиссиясының төрағасы, ал 2001 жылдан НАТО Парламенті Ассамблеясының әлеуметтік-демократиялық фракциясы төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.
Лонгин Пастусяк саяси ғылымдарының докторы, ол 60 жуық кітаптың және 600 астам халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы.

Перейти к новостям спорта