Қазақстан және Қырғызстан президенттері Астанада екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығына қатысты мәселені талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Қырғызстан президенттері Астанада екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығына қатысты мәселені талқылауда

Қазақстан және Қырғызстан президенттері Астанада екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығына қатысты мәселені талқылауда

Бүгін, 25- желтоқсанда Елордасындағы президент сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың кездесуі өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 534
Фото - Caravan.kz

ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, мемлекет басшыларының сұхбаты барысында Н.Назарбаев мәдениеті, тарихы, дәстүрі мен тілі тамырлас, экономикалық өзгертулерге деген көзқарастары мен көптеген салалардағы басымдықтары ортақ Қырғызстанмен достық және тату көршілік байланыстарды дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін атап көрсетті. Осы орайда Қазақстан мемлекет басшысы аймақтық қауіпсіздікті, экономикалық интеграцияны дамыту және оны нығайтуда Қазақстан үшін Қырғызстан сенімді әріптес болып қала беретінін тілге тиек етті.

Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру мәселесі туралы талқылаған Н.Назарбаев бұл одақ ТМД аясындағы интеграциялық процесстерді дамытуға тың серпін береді дегенге сенім білдірді. Сондай-ақ, мемлекет басшылары Орта Азиялық ынтымақтастық және ЕурАзЭҚ ұйымдары аясындағы өзара ықпалдастық мәселесіне де тоқталып өтті. Н.Назарбаевтың пікірінше, Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясындағы процесстерді пәрмендендіру қажет.
Сонымен бірге Қазақстан Елбасы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше ел мәртебесіне ие болған Қырғызстан еліміздің аталмыш ұйымға мүшелікке өтуіне өз тарапынан ықпал жасайды дегенге сенім білдірді.
Екі жақты келіссөздерден кейін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы құжаттарға қол қойылады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан арасындағы одақтастық байланыс туралы келісімге, және осы келісімнің ажырамас құрамды бөлігі іспетті екі ел арасындағы экономикалық интеграцияға түрткі болатын шаралар жоспарына қол қою көзделіп отыр. Сондай-ақ, халықаралық автокөлік қатынасы туралы және мемлекеттік шекара арқылы өтетін өткелек бекеттер туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылады.
2003-жылдың 10 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 159 млн. долларды, оның 121 млн. долларын Қазақстан экспорты, 38 млн. долларын импорт иемденді.

Соңғы жаңалықтар