Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың пайымдауынша, «консорциумдарды құру ірі көлемдегі инвестицияларға жол ашқалы отыр». Осы орайда Қырғызстан мемлекет басшысы ГРЭС құрылысына салынатын инвестицияларды атап өтті.
Қазақстан президенті сондай-ақ, Қырғызстанда өндірілген электр қуатын еліміз аумағына тасымалдау мүмкіндігін атай отырып, «бұл мүмкіндік Қазақстан жағынан ұсынылған шарттар мен баға бойынша жүзеге асырылады»,- деді.
Бұған қоса, Елбасының айтуынша, А.Ақаевтың Астанаға ресми сапары барысында «Қырғызстан жағының елімізден астық пен жанар-жағармай сатып алу» жөніндегі өтініші қанағаттандырылған.
«Екі ел арасында тұрған экономикалық түйткілдердің барлығы да шешімін тапты. Бұл біздің аймақ пен басқа да елдер үшін үлгі болуы тиіс»,- деді Н.Назарбаев.