Жарияланды: 360

Қазақстан және Қырғызстан үкіметтеріне 2004-жылдың алғашқы жартысына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының негізінде Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін дәйектеу тапсырылды

Бүгін, 25-желтоқсанда Астанада Қазақстан және Қырғызстан президенттері өзара ынтымақтастық туралы келісім мен экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы келісімге қол қойды. Соған сәйкес, "екі ел үкіметіне 2004-жылдың алғашқы жартысына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының негізінде Қазақстан меншігін қамти отырып Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін дәйектеу тапсырылды". Бұл туралы келіссөздер өткеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

хабарлады. Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың пайымдауынша, "консорциумдарды құру ірі көлемдегі инвестицияларға жол ашқалы отыр". Осы орайда Қырғызстан мемлекет басшысы ГРЭС құрылысына салынатын инвестицияларды атап өтті. Қазақстан президенті сондай-ақ, Қырғызстанда өндірілген электр қуатын еліміз аумағына тасымалдау мүмкіндігін атай отырып, "бұл мүмкіндік Қазақстан жағынан ұсынылған шарттар мен баға бойынша жүзеге асырылады",- деді. Бұған қоса, Елбасының айтуынша, А.Ақаевтың Астанаға ресми сапары барысында "Қырғызстан жағының елімізден астық пен жанар-жағармай сатып алу" жөніндегі өтініші қанағаттандырылған. "Екі ел арасында тұрған экономикалық түйткілдердің барлығы да шешімін тапты. Бұл біздің аймақ пен басқа да елдер үшін үлгі болуы тиіс",- деді Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін