Қазақстан және Қырғызстан үкіметтеріне 2004-жылдың алғашқы жартысына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының негізінде Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін дәйектеу тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Қырғызстан үкіметтеріне 2004-жылдың алғашқы жартысына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының негізінде Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін дәйектеу тапсырылды

Қазақстан және Қырғызстан үкіметтеріне 2004-жылдың алғашқы жартысына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының негізінде Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін дәйектеу тапсырылды

Бүгін, 25-желтоқсанда Астанада Қазақстан және Қырғызстан президенттері өзара ынтымақтастық туралы келісім мен экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы келісімге қол қойды. Соған сәйкес, "екі ел үкіметіне 2004-жылдың алғашқы жартысына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының негізінде Қазақстан меншігін қамти отырып Бірлескен кәсіпорын құру мәселесін дәйектеу тапсырылды". Бұл туралы келіссөздер өткеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 346
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың пайымдауынша, «консорциумдарды құру ірі көлемдегі инвестицияларға жол ашқалы отыр». Осы орайда Қырғызстан мемлекет басшысы ГРЭС құрылысына салынатын инвестицияларды атап өтті.

Қазақстан президенті сондай-ақ, Қырғызстанда өндірілген электр қуатын еліміз аумағына тасымалдау мүмкіндігін атай отырып, «бұл мүмкіндік Қазақстан жағынан ұсынылған шарттар мен баға бойынша жүзеге асырылады»,- деді.
Бұған қоса, Елбасының айтуынша, А.Ақаевтың Астанаға ресми сапары барысында «Қырғызстан жағының елімізден астық пен жанар-жағармай сатып алу» жөніндегі өтініші қанағаттандырылған.
«Екі ел арасында тұрған экономикалық түйткілдердің барлығы да шешімін тапты. Бұл біздің аймақ пен басқа да елдер үшін үлгі болуы тиіс»,- деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар