Қазақстан және Қытай даму банктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Қытай даму банктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды

Қазақстан және Қытай даму банктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды

7-сәуірде Қытай даму банкінің төрағасы Чень Юань ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігіне Қазақстан даму банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 416
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Ч.Юань республика басшылығымен кездесіп, Қазақстан даму банкінің жұмысымен танысады. Қазақстан және Қытай даму институттарының басшылары келіссөздер жүргізіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды деп күтілуде. Бұл құжат екі банк арасындағы ынтымақтастық принциптері мен негізгі басымдықтарды айқындаумен бірге, Қазақстан мен Қытайдағы болашақ инвестициялық жобалар бойынша екі жақ бірдей мүдделі салаларды айқындайды.

Қытай даму банкі осы елдегі ең ірі мемлекеттік үш даму институтының бірі болумен бірге, министрлік мәртебесіне ие болған бірден-бір институт болмақ. Қытай даму банкі тікелей Қытай Мемлекеттік кеңесіне бағынады. Банктің жарғылық қоры 50 млрд. юаньға, немесе 6 млрд. долларға тең.

Соңғы жаңалықтар