Қазақстан және Ресей президенттері Челябинск қаласында бас қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресей президенттері Челябинск қаласында бас қосады

Қазақстан және Ресей президенттері Челябинск қаласында бас қосады

17-мамыр, сейсенбіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір күндік жұмыс сапарымен Челябинскіге барып, онда Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Мамыр 2005
  • 427
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады.

KZ-today тілшісіне Ресей президентінің әкімшілігіндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, екі мемлекет басшысы Ресей азаматтарының Қазақстан аумағы арқылы ішкі төлқұжатпен қатынау мерзімін ұзарту мүмкіндіктерін талқылайды. Сонымен бірге Н.Назарбаев пен В.Путин Өзбекстандағы ахуалды саралайды деп күтілуде.
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінің жетекшілерімен кездеседі. Челябинск қаласында «Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық көрме өтеді.

Перейти к новостям спорта