Қазақстан және Ресей президенттері ТМД саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресей президенттері ТМД саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

Қазақстан және Ресей президенттері ТМД саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин 15-қыркүйекте телефон арқылы әңгімелесіп, Ялтада өтетін ТМД саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ президентінің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 16 Қыркүйек 2003
  • 404
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, мемлекет басшылары Ресей, Беларусь, Украина және Қазақстанның Біртұтас экономикалық кеңістігін құру туралы келісімнің жобасы туралы сарапқа салды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18-қыркүйекте Ялтада өтетін саммитте Ресей, Беларусь, Украина және Қазақстанның Біртұтас экономикалық кеңістігіне қамтылатын мемлекеттердің басшылары осынау Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру туралы келісім мен оның тұғырнамасының жобасына қол қоюды көздеп отыр. Бұл құжат Біртұтас экономикалық кеңестіктің Астанада өткен 7-отырысында түбегейлі дәйектеліп, қол қоюға дайындалған. Біртұтас Экономикалық кеңістіктің саммиті аяқталғаннан кейін, Ялтада 19-20-қыркүйекте ТМД мемлекет басшыларының бас қосуы өтеді.

Соңғы жаңалықтар