«Бұл айрықша маңызды кездесу болды. Қазақстан президентімен кездесуде кешеден бергі жұмыс бабындағы кездесулердің қорытындысы туралы талқылап, қазіргі өзара ынтымақтастық ахуалы төңірегінде есеп бердік»,- деді М.Фрадков.
РФ үкімет басшысы : «өзара дау тудырған мәселе болған жоқ. Бірақ, Қазақстан президенті баса назар аударған кейбір мәселелерді ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовпен бірлесе талқыладық»,- деді.