Қазақстан және Ресейлік ғалымдар Семейде Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық мәселелерді талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресейлік ғалымдар Семейде Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық мәселелерді талқылауда

Қазақстан және Ресейлік ғалымдар Семейде Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық мәселелерді талқылауда

Семейде "Ресей мен Қазақстан арасындағы интеграциялық құбылыстар: экономикалық және құқықтық аспект" тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Наурыз 2005
  • 613
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға Семей университеттері мен институттарының, сондай-ақ, РФ Барнаул және Новосибирск қалалары жоғарғы оқу орындарының доценттері қатысуда.

Бас қосу «Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық құбылыстардың құқықтық жақтары» және «Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық проблемалары мен перспективалары» деген екі бағытта өткізілуде.
Бас қосудың басты тақырыптары ретінде ТМД аясындағы банк саласындағы интеграциялық процестер, Ресей мен Қазақстан арасындағы кедендік құқық саласындағы экономикалық ынтымақтастық проблемалары талқыланады. Кездесуге қатысушылар сонымен бірге кәсіпорындардың өтпелі экономикалық ахуалдағы инвестициялық іс-әрекет ерекшеліктері, ТМД елдерінің тұрақты даму шарты ретінде Посткеңестік кеңістікте қайтадан интеграциялану қажеттігі туралы сарапқа салады.
Кездесу барысында 40 шақты баяндама тыңдалып, ол екі күнге созылады.

Перейти к новостям спорта