Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жапония үкіметі Алматыдағы Республика сарайына музыкалық жабдықтар сатып алуға 49 млн. 800 мың йен көлемінде грант бөлмекші. Грант қаржысына Қазақстан аумағында сатып алынатын құрал-жабдықты ел ішінде тасымалдауға байланысты шығындарды «Республика сарайы» РМК өз есебінен өтейді.
Келісімге Қазақстан және Жапония сыртқы істер министрлері 2004-жылдың 27-тамызында Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің желісімен дамуға ресми көмек бағдарламасының аясында қол қойған. 2005-жылдың наурыз айының басында келісімнің мерзімін 2006-жылдың 31-наурызына дейін ұзарту үшін ҚР СІМ мен ҚазақстандағыЖапония елшілігі арасында нота алмасу шарасы іске асырылды.