Қазақстан Жапониядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмектесуді жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Жапониядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмектесуді жалғастыруда

Қазақстан Жапониядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмектесуді жалғастыруда

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юдзо Харадамен кездесу өткізді,

  • 17 Маусым 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында М.Құл-Мұхаммед алдымен елшіге Жапониядағы жер сілкінісі кезінде орын алған сұрапыл апаттың құрбандарына байланысты қайғыға ортақтастығын білдіріп көңіл айтты. «Біз сіздермен бірге қайғырудамыз, біз жапон халқын қатты қадірлейміз, біз әрқашан сіздермен біргеміз», — деді Министр.

Өз кезегінде дипломат Жапония қиын заманды басынан кешкен сәтте Қазақстан халқының қол ұшын беріп, ұсынған көмегі үшін алғысын білдіріп, табиғаттың сұрапыл апатынан кейін жапон халқы одан да мықты, қатықтай ұйып отырған ел болады деген зор сенімін білдірді. Сонымен қатар дипломат маусымның 5-і күні Астанада «Қазақстан» концерт залында өткен қайырымдылық концертті ұйымдастырғаны үшін Қазақстан жағына шексіз алғысын білдірді. Қайырымдылықтан түскен қаржы Жапонияның Қызыл крест қоғамына жөнелтілгені белгілі.

М.Құл-Мұхаммед ҚР Мәдениет министрлігінің ұсынысы бойынша Алматы қаласында Жапониядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында тағы да бірқатар шара ұйымдастырылып өткізілетінін жеткізді.

Мысалы, 30 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Борис Эйфманның «Красная Жизель» балетінің қойылымы болады, ал 1 шілде күні Жамбыл атындағы филармонияда ҚР Мемлекеттік Академиялық симфониялық оркестрі мен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік Хор капелласының қатысуымен концерт өтеді. Қайырымдылықтан түскен қаржы Жапонияның Қызыл крест қоғамына жөнелтіледі.

Соңғы жаңалықтар