Жарияланды: 410

Қазақстан жақын келешекте егеменді сукуктарды шығаруды жоспарлап отырған жоқ

Жақын келешекте Қазақстан егеменді сукуктарды шығаруды жоспарлап отырған жоқ, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев.

«Бізде сырттан қарыз алуға объективті қажеттілік болғанда ғана қарыз аламыз», - деді Б. Жәмішев бейсенбі күні VII дүниежүзілік исламдық экономикалық форум барысында. «Біз дағдарыс кезінде фискалды әдістерді пайдалану арқылы дағдарыстан шығуға байланысты шығындарды жабу үшін бюджеттің дефицитін арттыруға болады деп есептейміз. Қолайлы кезеңдерде бюджеттің дефицитін қысқартатынымыз сөзсіз, қазір біз бюджеттің дефицитін айтарлықтай қысқарту кезеңіндеміз. 3 жылдың ішінде біз ол көрсеткішті ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ға дейін азайтамыз, сәйкесінше біздің қарыз алу қажеттілігіміз де төмендейді», - деді министр. «Егер елімізде зейнетақы жүйесі барын ескерсек, бізде зейнетақы қорларының нарығынан ішкі қарыз алу үшін мүмкіндіктеріміз мол. Сырттан қарыз алу – біз пайдаланатын құрал екені түсінікті, бірақ уақыт өте келе ол объективті қажеттілік болғанда ғана алынады», - деді Б. Жәмішев. Сукук – исламдық құнды қағаздар, шариғат елдерінде таралған қаржы құралы, облигациялардың исламдық түрі деуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін