Қазақстан жақында Ислам конференциясы ұйымына ресми түрде төрағалық етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жақында  Ислам конференциясы ұйымына ресми түрде төрағалық етеді

Қазақстан жақында Ислам конференциясы ұйымына ресми түрде төрағалық етеді

Қазақстан жақын күндері Ислам конференциясы ұйымына ресми түрде төрағалық ете бастайды. Бірақ  ұйымның атауы болашақта өзгеруі мүмкін. Оны енді Ислам ынтымақтастық ұйымы деп атау жоспарланып отыр.

  • 28 Маусым 2011
  • 413
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның аталмыш ұйымға ресми түрде төрағалық ету құрметіне орай еліміздің ұлттық банкі жаңа банкнотты айналымға  шығармақшы. Ол үшін 1000 теңгелік банкноттың  он, миллион данасы шығады. Бүгін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов жаңа ақшаның ең алғашқы даналарын Ислам ынтамақтастық ұйымының  бас хатшысы Экмеллиддин Иқсаноғлыға және еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановқа  сыйлады. Жаңа банкнотты қолына алған шетелдік қонақ ақшаның дизайнына қарап: — Бұл біздің көнеден келе жатқан мәдени құндылықтарымызды айшықтап көрсетіп тұр, — деп өз бағасын берді.


Бисенғали Тәжияқов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

  — Қысқаша түсіндірейін: банкноттың шет жағында ислам белдігі,  Яссауи кесенесі бар. Қағаз ішінде барыстың басы  бейнеленген. Екінші жағында мавзолей толық  көрсетілген.