Қазақстан Жаһандық өркендеу рейтингісінде 144 елдің арасында 46-шы орынға тұрақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Жаһандық өркендеу рейтингісінде 144 елдің арасында 46-шы орынға тұрақтады

Қазақстан Жаһандық өркендеу рейтингісінде 144 елдің арасында 46-шы орынға тұрақтады

Британдық Legatum тәуелсіз зерттеу институтының 2011 жылдың қорытындылары бойынша құрастырған өркендеу - 2012 жаһандық рейтингінде Қазақстан ТМД елдері ішінде үздік позицияға ие болды

  • 1 Қараша 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

— 144 ел арасында 46-шы орын. Бұл мәліметтер институттың ресми сайтында жарияланған.

Осыған дейінгі рейтингте Қазақстан әлемнің 110 елі арасында 50-ші орын алған болатын.

Институт мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан өркендеу рейтингінде ТМД-ның барлық елдерінен озды: Ресей 66-шы орында тұр (7 позицияға төмендеу), Украина — 71, Беларусь — 54, Өзбекстан — 64, Қырғызстан — 88.

Әлем елдерінде өркендеу рейтингі әр мемлекеттің 8 категория бойынша жетістіктерін бағалайды. Осылайша, «экономиканың қуаты» категориясында Қазақстан 54-ші орын алды, «іскерлік ахуал» — 59, «басқару тиімділігі» — 95, «білім беру жүйесі» — 43, «денсаулық сақтау деңгейі» — 60, «қауіпсіздік және заңның үстемдігі» — 53, «адамның жеке бас бостандығы» — 43, «әлеуметтік капитал» — 37.

Рейтингте алғашқы үш орынды Норвегия (1), Дания (2) және Швеция (3) иеленді. Үздік бестікке, сондай-ақ Австралия мен Жаңа Зеландия енді. Одан әрі Канада (6-шы орын), Финляндия, Нидерланды, Швейцария және Ирландия тұр.