Қазақстан жазғы олимпиада ойындарын 22-ші орынмен аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жазғы олимпиада ойындарын 22-ші орынмен аяқтады

Қазақстан жазғы олимпиада ойындарын 22-ші орынмен аяқтады

Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 22-ші орынға тұрақтады. Көршілес Өзбекстан мемлекеті бізден озып кетті.

  • 22 Тамыз 2016
  • 858
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық спортшылар төртжылдықтың басты додасында 17 медаль алды: 3 алтын, 5 күміс, 9 қола. Қазақстан олимпиада ойындарындағы жалпы медаль саны және “күміс” саны бойынша жеке рекорд орнатты. Бұған дейін Қазақстан құрамасы мұндай көп жүлдеге қол жеткізіп көрмеген еді.

Ал біздің алдымызға түсіп кеткен Өзбекстан 4 алтын, 2 күміс, 7 қола жүлде, барлығы 13 медаль иеленіп, турнир кестесінде 21-ші орынға жайғасты. Құрамасы 8 медаль алған Колумбия 23-ші орынға табан тіреді: 3 алтын, 2 күміс, 3 қола.

20160818083719

Рио олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапынан мына спортшылар жүлдеге қол жеткізді: 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов (96 келі), 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы (69 келі) атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр. Данияр Елеусінов 64 келі салмақта Лондон олимпиадасына қатысып, жеңіліп қалған еді.

629DAA60-404C-4090-AC7A-6929135E7DA2_w987_r1_s

Фото: Азаттық

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов (60 келі), боксшы Василий Левит (91 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі), еркін күрес шеберіГюзель Манюрова (75 келі) және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Күміс жүлдегерлердің арасында Әділбек Ниязымбетов пен Гюзель Манюрова екі олимпиада қатарынан тұрақты түрде жүлде алып отыр. Боксшы Әділбек Лондон олимпиадасында (2012) дәл осы салмақта күміс иеленсе, Гюзель Манюрова төрт жыл бұрын қола еншілеген. Ал Жазира Жаппарқұл бұған дейін тек 2010 жылы жасөспірімдер олимпиадасында ғана топ жарған.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Бұл спортшылардың арасында Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды. Сондай-ақ, бұл қатарда 20 тамыз күні қола жүлде алған боксшы Иван Дычко (91 келі) мен әйелдер арасындағы бокс бәсекесінде оза шапқан Дариға Шәкімова да (75 келі) бар. Дариға Шәкімова қазақ қыздарының арасынан алғаш бокстан олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Иван Дычко бұған дейін Лондон олимпиадасында да осы салмақта қола жеңіп алған еді.

Бұл Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қатысқан 6-шы жазғы олимпиада ойындары. Қазақстан 1996 жылғы Атланта олимпиадасынан бері тұрақты түрде жаһанның басты спорттық ойындарына қатысып келе жатыр.