Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы тағайындалды

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы тағайындалды

Алматы қаласында Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан жазушыларының кезекті ХVІ құрылтайы өтті.

  • 12 Мамыр 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бес жылда бір рет өтетін жиында алдымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазушыларға құттықтауын жеткізді.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бес жылда атқарылған жұмыстар жөнінде есептік баяндама жасады.

Ұлықбек Есдәулет өзінің 15 елдің қаламгерлері мүше ретінде кірген Түркі дүниесі жазушылар одағының төрағасы болып сайлануына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді.

Жиында сондай-ақ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, жазушылар Дулат Исабеков, Кәдірбек Сегізбаев, ақын-драматург Иранбек Оразбаев, Мәжіліс депутаты, ақын Қазыбек Иса және басқалар сөз алып, әдебиеттің толғақты мәселелеріне тоқталды.

Құрылтайдан соң басқарма жиынында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ оның орынбасарлары белгілі болды.

Айта кетейік, қаламгер-журналист Мереке Әбдешұлы Құлкенов 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген (1978). Бірнеше кітаптың авторы. Солардың бірі — Рахымжан Отарбаевпен бірлесіп жазған «Бас» драмасы үшін Мәдениет министрлігі жариялаған «Бәйтерек» республикалық байкауында екінші жүлдеге ие болды (2004 ж.).


1970 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1971 — 1973 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің газет-журнал баспасы баспаханасында баспагердің көмекшісі болды. Университетті бітірген соң бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан пионері» газеті, Қазақстан телеарнасы, «Пионер» журналы, «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі,

1993-1997 жылдар аралығында «Жалын» республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы,

1997 жылдан бері «Ана тілі» республикалық газетінің, 2000 жылдан осы уақытқа дейін «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, көпшілік журналының бас редакторы,

1991 жылдан қазіргі күнге дейін «Өлке» баспасының бас директоры болып еңбек етіп келеді. Сондай-ақ «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметін қоса атқаруда.

«Құрмет» орденімен, ұлттық журналистік сыйлық «Алтын жұлдыз» т.б. бірнеше медальдармен марапатталды.