Қазақстан жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Қазақстан жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізу және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қазан 2005
  • 289
Фото - Caravan.kz

«Заң жер қойнауын пайдалану саласындағы қарым-қатынастарды мемлекет тарапынан реттеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру процедурасына өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістерге сәйкес құзырлы мекемеге ұлттық қауіпсіздік мүддесіне нұқсан келу мүмкіндігі бар жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту құзыреті беріледі.
Заң жобасындағы тұғырнамалық ережелердің бірі ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың иелігінен шығарылатын акциялар қоржынын екінші нарық болып саналатын биржалардан сатып алуда үкіметке басым құқық беретін норманы атауға болады.

Перейти к новостям спорта