Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Иранға қайырымдылық көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Иранға қайырымдылық көмек көрсетеді

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Иранға қайырымдылық көмек көрсетеді

Қазақстан қуатты жер сілкінісінен зардап шеккен Иран Ислам Республикасына қайырымдылық көмек көрсетеді. Бұл туралы бүгін, 29-желтоқсанда Астанада үкімет отырысын ашқан ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2003
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Иран Ислам Республикасында болған қайғылы оқиғаға байланысты қайырымдылық көмек көрсету туралы мемлекет басшысы тапсырма берді»,- деді үкімет басшысы. Осыған байланысты Д.Ахметов ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі, мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Агенттігі, ҚР денсаулық сақтау және ҚР ауылшаруашылығы министрліктеріне «Иран Ислам Республикасына қайырымдылық көмек көрсетуге байланысты ұсыныстарды екі күн ішінде енгізу» жайында тапсырма берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 26-желтоқсанда Иран аумағында Рихтер өлшемі бойынша 6 баллдық жер сілкінісі болып, соның салдарынан Бам деп аталатын ежелгі қала толықтай дерлік қирап қалған болатын. Зілзаладан бірнеше ондаған мың адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар